Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тағы алты университет жабылуы мүмкін

Қазақстанда тағы алты университет жабылуы мүмкін

Қазақстан. 27 шілде. 7kun.kz – Қазақстандық алты жоғары оқу орнын жабуға қатысты шешім сотта қаралуда. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Академиялық дербестікті кеңейтумен қатар, жауапкершілігі төмен университеттерді жауып, сапаны қамтамасыз ете алмайтын ЖОО-ларды қайта бейіндеу бойынша күрделі жұмыстар жүргіздік. Нәтижесінде 15 ЖОО жабылды. Бұдан бөлек, қосымша 6 оқу орнын жабуға қатысты шешімімізге шағым беріліп, ол сотта қаралып жатыр. Оның жалпы саны 21-ге жетіп отыр», – деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жабылған университеттердің 100 мыңнан астам студентін оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ларына ауыстырылған. 66 университеттің әлсіз білім беру бағдарламалары бойынша 505 лицензиясы кері қайтарып алынды.

Министрдің айтуынша, оқытудың әлсіз бағыттары бойынша лицензияларды қайтарып алу бойынша тағы төрт ЖОО-мен сот процестері жүріп жатыр.

«Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарының саны (85-тен 50-ге дейін) қысқарды. Енді оқытудың тиісті сапасын қамтамасыз ететіндер ғана болашақ мұғалімдерді дайындай алады. Заңгерлерді даярлайтын университеттердің саны 72-ден 61-ге дейін қысқарды», - деді министр.

Оның айтуынша, болашақта ЖОО-ларға берілетін лицензиялар мерзімсіз болмайды. Олар 5 жылға беріледі, ал оларды қайта ресімдеу автоматты түрде емес, енді біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана жүргізіледі.

Похожие материалы