Алматы. 25 маусым. 7kun.kz – Екібастұзда 2021 жылға қарай 145 млн долларға әйнек зауытын салу жоспарлап отыр.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жобаның бастамашысы –
«ИнтурСервис – Пульс» болып табылады.
«Жобаның құны 145 млн долларды құрайды, оның ішінде Carterhouse ағылшын компаниясынан қаражат тарту есебінен», – деп қосты ведомствода.
Зауыт тәулігіне 450 тонна немесе жылына 140 мың тонна әйнек шығаратын болады. Олар дайын өнімдерді Қазақстан мен Ресейге сатқысы келеді.