Нұр-Сұлтан. 3 тамыз. 7kun.kz – Ертісте тағы бір атом электр станциясы салынуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ол екінші АЭС-тің қандай мәселе туындағанда салынатынын айтып, оның орналасуы Ертіс аймағы болуы мүмкін екенін атап өтті.
«Қазақстандағы екінші атом электр станциясы Ертісте, Курчатов қаласының маңында пайда болуы әбден мүмкін. Қазақстан көміртекті бейтараптық жолына түсіп жатса, бірнеше атом электр станциясын салудан басқа жол жоқ. Яғни, Ертіс болашағы зор учаске екені сөзсіз», – деді ол.
Қазір бұл мәселе талқылануда. Бұл туралы ақпарат осы жылдың аяғында немесе келесі жылдың басында шығады.
«Сәтімен іске қосылып, бірінші стансаның құрылысы басталса, екінші сұрақ туады: Қазақстанда қанша атом электр станциясы болады? Бұл мәселе талқылануда. Қазақстандағы екінші атом электр станциясы Ертісте, Курчатов қаласына жақын жерде пайда болуы әбден мүмкін деп ойлаймын. Бағдарлама әзірлеп, реактор технологиясы мен қаржыландыру схемасы анықталуы керек», – деді вице-министр.