
Астана. 4 қараша. 7kun.kz – Қазақстанда Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні 10 қарашада аталып өтілетін болып бекітілді, деп хабарлайды 7kun.kz.
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» тиісті қаулыға қол қойды.
Осыған байланысты 17 мамырда аталып өтілетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгерді.