Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тағы бір қант зауыты салынады

Қазақстанда тағы бір қант зауыты салынады

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz – «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында 80 млрд теңгеге қант зауыты салынады.

Экономикалық аймақта хабарлағандай, жоба жобалау кезеңінде.

«Жобаны іске қосу 2021 жылдың IV тоқсанына жоспарланған. Жобаның құны 79,8 млрд теңгеге бағаланып отыр», - деп қосты ұйымда.

Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 8 мың тоннаны құрайды. Бұдан басқа, қазіргі уақытта дайын өнімді Қазақстанда ғана емес, шетелде де сату мәселесі қарастырылуда.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы департаментінің директоры Азат Сұлтанов Қазақстанда екі жаңа қант зауытын салу жоспарланып отырғанын айтты. Олардың бірі Жамбыл облысында, екіншісі – Павлодар облысында іске қосылмақ.

«Тараз химиялық паркі» АЭА Шу қаласының Жамбыл облысында орналасқан. Оның аумағы 505 гектарды құрайды. АЭА дамыту бағдарламасы шамамен 16 өнеркәсіптік кәсіпорын салуды көздейді.

Похожие материалы