Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлерге арнайы салық енгізіледі

Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлерге арнайы салық енгізіледі

Астана. 5 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанда такси жүргізушілері мен онлайн қызмет көрсететін курьерлер үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Министр Үкімет сағатында жаңадан әзірленген Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды. Салық кодексіне шағын бизнестің жалдамалы қызметкерлері үшін бірыңғай міндетті төлемді енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілуде. Сондай-ақ келесі жылдан бастап салық жүктемесін 33 пайыздан 20 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр.

«Яндекс Такси, Glovo сияқты онлайн-платформалар арқылы еңбек қызметін жүзеге асыратын тұлғалар үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл ретте салық агенттері жұмыспен қамтылған азаматтардың атынан тиісті төлемдер жүргізетін онлайн-платформалардың операторларын анықтауды ұсынады», – деді министр.

Сондай-ақ онда қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыратын жұмыс берушілер үшін сақтандыру тарифтерін төмендету қарастырылған.

«Ставкаларды төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру компанияларынан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшерін кезең-кезеңімен арттырумен қатар жүретін болады. Келесі жылдан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға жарналарды төлеу кезеңіне сәйкес МӘСҚ-дан алты айға дейінгі бұрынғы табысының 45 пайызы мөлшерінде төлемдер көзделген», – деді министр.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте жеке тасымалдаумен айналысатын қазақстандықтар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек екені белгілі болды.

Похожие материалы