2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Kinopark және Kinoplexx кинотеатрлар желісі белгісіз мерзімге жабылады. Бұл туралы компания басшысы Алмас Малдыбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Kinopark және Kinoplexx кинотеатрлар желісі жетекшісінің үндеуін актриса, продюсер Құралай Анарбекова өзінің Instagram парақшасында жариялаған.
Малдыбаевтың сөзінше, жақын арада кинотеатрларда көрсетілетін фильм болмайды.
«Өкінішке орай, Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливудтың ірі компаниялары бізге кино ұсынудан бас тартуда. Яғни, 1 сәуірден бастап кинотеатрларда көрсететін ештеңе жоқ. Сондықтан Kinopark-Kinoplexx компаниясы 1 сәуірден бастап белгісіз мерзімге жабылуға мәжбүр. Өкінішті, әрине. Бірақ бұл шындық", – деді Алмаз Малдыбаев.
Айта кету керек, Голливуд студиялары Украинадағы жағдайға байланысты Ресейде фильмдерді прокатқа шығарудан бас тартты. Мұндай шешімді Walt Disney Company, Sony, Netflix, Warner Bros студиялары жариялады.