Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тазы мен төбетті сақтау туралы заң әзірленеді

Қазақстанда тазы мен төбетті сақтау туралы заң әзірленеді

Астана. 7 қазан. 7kun.kz – Тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру туралы жеке заң әзірленеді. Бұл туралы ҚР Президентінің Іс Басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақы ит тұқымдары тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша кезекті жиын өтті.

Сарапшылармен талқылау нәтижесінде тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне қатысты жеке заң жобасын әзірлеу жөнінде шешім қабылданды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және сарапшылармен бірлесіп қазақы ит тұқымдары стандартының жаңа жобасын қарастыратын болды.

«Кезінде панажайы бар кинологиялық зерттеу орталығын салу тапсырылған еді, ол орта жолдан тоқтап қалды. Енді мұны соңына дейін жеткізу керек. Сонымен қатар, тазы мен төбетті Халықаралық кинологиялық қауымдастықта (FCI) тіркетіп, олардың шыққан жері ретінде Қазақстанды көрсету рәсімдерін ерекше бақылауға алу қажет», – деді ҚР Президентінің Іс Басқарушысы Айбек Дәдебаев.

Похожие материалы