Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тексерілген ойыншықтардың 50%-ы қауіпті болып шықты

Қазақстанда тексерілген ойыншықтардың 50%-ы қауіпті болып шықты

Қазақстан. 20 шілде. 7kun.kz – Жыл басынан бері Қазақстанда тексерілген 1499 балалар ойыншықтарының 706-сы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтіні анықталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар ойыншығына ай сайын мониторинг жүргізіп отырады.

«Өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жасау аясында балалар ойыншықтарының 1499 үлгісі зерттелді. Тексеру нәтижесінде 706 үлгі "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" талаптарға сәйкес келмеді, бұл 47,1%-ті құрады. Оның ішінде отандық – 9 (1,3%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер – 59 (8,4%), басқа елдер – 638 (90,3%)», - деп хабарлады комитетте.

Заңбұзушылықтардың негізгі бөлігі таңбалау талаптарын бұзу – 97,6%, органолептикалық көрсеткіштер бойынша заңбұзушылықтар – 3,3%.

Санитариялық-химиялық бойынша 23 ойыншықта қауіпсіздік көрсеткіштерінің асып кеткен. Оның ішінде:

  • ксилол – 5 ойыншық (Novel special "Рыбалка" ойын жиынтығы, Fighting Eagle тапаншасы, 6+ жастан асқан балаларға арналған "GYROSCOPE SERIES", пластмассадан жасалған қуыршақ, "L.O.L surprise!", ҚХР ыдыс жиынтығы);
  • бензол – 4 ойыншық ("FREEZE II" қуыршағы, "Лариса MONSTER GIRL" қуыршағы, "THUNDERCYRO" балаларға арналған пластмассадан жасалған ұшатын диск ойыншығы, ҚХР ыдыстар жиынтығы);
  • фенол – 3 ойыншық ("Вкусняшка" антистресс ойыншығы, "Lovely baby" қуыршақ ойыншығы, "Юла" балалар ойыншығы);
  • гептан – 2 ойыншық ( "Военный" ойыншық жинағы, пианино "Little musicial" балалар ойыншығы);
  • формальдегид – 3 ойыншық (автомобиль трансформаторы Мини W ТОБОТ, "Қуыршақ" ойыншығы, ҚХР ыдыс жиынтығы);
  • этилацетат – 1 ойыншық ("Baby Shop" қуыршағы);
  • стирол – 2 ойыншық (пластмассадан жасалған қуыршақ, "L.O.L surprise!", ҚХР ыдыстар жиынтығы),
  • метил спирті –1 ойыншық ("Лариса MONSTER GIRL" қуыршағы),
  • изопропил спирті – 1 ойыншық ("Baby Shop" қуыршағы),
  • изобутил спирті – 1 ойыншық ( "Baby Shop қуыршағы).

Анықталған фактілер бойынша кәсіпкерлерге заңбұзушылықтарды жою туралы хабарланды. Сауда орындарынан 21,5 кг ойыншық сатылымнан алынды. Ойыншықтар өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатылған.

Похожие материалы