Алматы. 30 шілде. 7kun.kz — 31 шілдеде Қазақстанда теледидар мен радио хабарларын таратуды өшіреді. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ-да хабарлады.
Жоспарлы өшіру алдын алу шараларына байланысты болады.
"31.07.2019 жылы, сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты) эфирлік цифрлық, аналогтық телехабар тарату және радиохабар тарату желісінде жоспарлы-алдын алу жұмыстары мен жабдықтарды бақылау өлшемдері жүргізіледі", - делінген компанияның сайтында.
Компания, сондай-ақ, уақытша қолайсыздықтар үшін ел тұрғындарынан кешірім сұрады.