Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда темекі өндірісі қысқарды

Қазақстанда темекі өндірісі қысқарды

Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда темекі өндірісі 34%-ке азайды, - деп хабарлайды EnergyProm.

Сарапшылардың мәліметінше, биыл қаңтарда темекі және басқа да табак өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 33,5 пайызға қысқарған. Бірінші айда 412 миллион дана темекі өндірілген. 

Мамандар табак өндірісінің айтарлықтай құлдырап жатқанын айтады. 2018 жылы темекі өндіруші компаниялар өндірісті 1,2%-ке (18,1 миллиард дана) еселеген. Алайда 2019 жылы қаңтардың қорытындысы бойынша табак өндірісі бағаның әсер етуіне байланысты 5,1%-ке (3,2 миллиард теңге) қысқарған.

Сарапшылар өндіріс құлдырауы күтілгенін, осылай болатыны жоспарланғанын атап өтті.

Мамандардың айтуынша, Қазақстан 2006 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау қауымдастығының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының қағидаттарын ұстанады. Сондықтан темекі және табак өнімдерін жарнамаға, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатуға, қоғамдық орындарда темекі шегуге және т.б. тыйым салынады. 

Сарапшылардың мәліметінше, биыл ақпанда темекі бағасы бір бумаға 410 теңгеге дейін - бір жыл ішінде 11,3%-ке өсіп отыр. Қостанай тұрғындары үшін темекі қымбатқа түседі - бір қорап үшін 435 теңге (+13,6%). Одан әрі Ақтау - 432 теңге (11,6%) және Көкшетау - 428 теңге (11,2%). Ал Талдықорған тұрғындары темекі қораптарын арзанырақ ала алады - 388 теңге (9,9%).

Похожие материалы