Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тіркелген автокөліктер саны қанша

Қазақстанда тіркелген автокөліктер саны қанша

Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда 646654 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,2%-ға аз, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3709,6 мың бірлікті құрады.

Өз кезегінде, ағымдағы жылдың тоғыз айында 11,5 мың оқиға тіркеліп, 16,9 мың адам зардап шекті. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 3,4%-ға ұлғайды.

Сондай-ақ, 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 21,3 млрд теңге сомасына 54829 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.

Похожие материалы