Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны артты

Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны артты

Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылғы қаңтар-қарашада 812536 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 73,5% көп, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 4047,8 мың бірлікті құрады

Есепті кезеңде 20232 адам зардап шеккен 14231 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 8,4%-ға азайған.

Өткен жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 19,8 млрд теңге сомасына 53954 сақтандыру төлем жүзеге асырылды

Похожие материалы