Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда Тоқаевты қолдауға арналған халықтық коалиция құрылды

Қазақстанда Тоқаевты қолдауға арналған халықтық коалиция құрылды

Астана. 6 қазан. 7kun.kz – Кезектен тыс президент сайлауына Тоқавтың кандидатурасын ұсынған ұйымдар халықтық коалиция құруға келісті. Бұл туралы Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Бүгін біз стратегиялық таңдау жасадық. Тоқаевтың төңірегіне бірігіп, бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Тоқаевты ұсынатын басқа партиялар мен саяси бірлестіктермен бірігіп, Тоқаевты қолдайтын халықтық коалиция құру туралы келісімге келдік», – деді Қошанов.

Оның айтуынша, түстен кейін коалиция құрған ұйымдардың форумы өтеді. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады.

Айта кетейік, Бүгін Amanat пен Қазақстан халық партиясы да Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Похожие материалы