Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда төрт жаңа саяси партия құрылуы мүмкін

Қазақстанда төрт жаңа саяси партия құрылуы мүмкін

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанда төрт жаңа саяси партия пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин хабарлады.

Бұл – «Ел тірегі», «Халық Дербестігі», «Намыс» және «Бәйтерек» партиялары.

««Халық Деребестігі» партиясы екінші кезеңге өтіп, бекітілуін алды, съезін өткізді. Партия құрылтай съезін өткізгеннен кейін 20 000 кандидаттың тізімін ұсынуы керек. Қазір заң бойынша тіркеу мерзімі тоқтатылды, партия мүшелерінің заңға сәйкестігі тексерілуде», – ҚР Әділет министрі.

Қалған партиялар – «Ел тірегі», «Намыс» және «Бәйтерек» әлі бірінші кезеңде.

«Заң бойынша Қазақстан азаматы тек бір саяси партияның мүшесі бола алады. Сондықтан басқа партия құруға қатыса алмайды. Бірақ барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін тараптар құжаттарды қайта тапсырып, келесі кезеңдерден өтуге өтініш бере алады», – деді Қанат Мусин.

Мусиннің айтуынша, 2019 жылдан бері саяси партияны тіркеуге 10 бастамашыл топ өтініш білдірген.

Еске салайық, 16 наурызда мемлекет басшысы өз жолдауында Қазақстанда партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдейтінін айтты. Тіркеу шегін төрт есе – 20-дан 5 мың адамға дейін төмендетуді тапсырған болатын.

Похожие материалы