Қазақстанда Toyota Fortuner көлігін құрастыру тоқтатылды. Мұны "Тойота Мотор Казахстан" компаниясының өкілдері Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында мақұлдаған. Алайда себептерін айтудан бас тартқан.
Компания өкілінің айтуынша құрастыру тек уақытша тоқтатылған. Еске салайық, 2013 жылдың ақпан айында қостанайлық «Сары-Арқа автопром» ЖШС Toyota Fortuner көлігін құрастыра бастайтыны туралы хабарлаған еді. Мұнда жыл сайын 3 мың дана көлік құрастырылу көзделген. 2014 жылдың маусым айында құрастыру жұмыстары басталған.Қостанайдағы зауыт Toyota-ның Орталық Азиядағы бірінші, ТМД елдеріндегі екінші құрастыру алаңы еді. Зауытта Toyota Fortuner көлігі Complete Knock Down (CKD) немесе толық циклды құрастырылатын. Яғни кузовты дәнекерлеу, бояу, делатльдары мен агрегаттарын, ішкі жабдықтарын құрастыру кіретін. Зауыт көліктерді $39,2 мыңнан 44,5 мыңға дейін сатуды жоспарлаған болатын.