Ұлттық экономика министрлігі тұрғын үй құрылысына арналған жаңа бағдарлама әзірлеп жатыр. Жоспар бойынша осы жылдың жазында үкіметке ұсынылуы керек. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Оның атап өтуінше, құжат "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында жасалды және алдағы онжылдықта осы салаға жаңа инвестиция тартуға мүмкіндік береді."Қазір біз тұрғын үй құрылысына арналған жаңа бағдарлама әзірлеп жатырмыз. 2016 жылдың маусымына дейін үкіметке ұсынылады. Егер қолдау тапса, жүзеге асыратын ірі жоспарларымыз бар. Алдағы 10-15 жылда осы салаға ірі қаржылай ресурс тартуға ниеттіміз. Әзірге механизмі толығымен дайын болған жоқ. Сондықтан қаржыландыру көздері туралы толығымен айту мүмкін емес", -деп түсіндірді Қ.Өскенбаев.
Оның сөзінше, елде мемлекеттік жобаларды іске асыруға пайдаланатын құрылыс тауарларын өндірушілердің каталогы құрастырылады. Бұл тізімге ену үшін нарық ойыншылары барыншы ашық баға белгілеуі қажет. Ұлттық экономика министрі жаңа бағдарлама кезінде баға бойынша алдау мүмкін емес болады деп есептейді.
"Бұл бағдарламаны іске асырғанда тек заңды жұмыс істей алатын компаниялар қатысады. Сондықтан біз тіпті бізді алдап кеткенімен де, алдағы 10-15 жыл ішінде басқа жобалармен жұмыс істей алмайтындай механизм құрастырғымыз келеміз", -деп нақтылады шенеунік.
Ұлттық экономика министрлігіндегі құрылыс комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов 2015 жылы тұрғын үй құрылысына 719 млрд теңге бағытталғанын атап өтті. Оның сөзінше, аталған қаржы еліміздегі 78 мың отбасының жағдайын жақсартуға жұмсалды. Ал 2017 жылы 1,6 млн шаршы метр пәтер салынады деп жоспарланып отыр.