
Елімізде екінші деңгейлі тұрғын үйлердің бағасы бір айда күрт қымбаттады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап жайлы тұрғын үйді қайта сату құны 5,5 %-ға өсіп, ақпан айында бір шаршы метр үшін орташа баға 431,7 мың теңгені құраған. Бұл өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда 24,5%-ға қымбат.
Ал бастапқы жылжымайтын мүліктің бағасы бір айда 0,4%-ға өсіп, шаршы метрі үшін 387,8 мың теңгеге жетті. Бұндағы жылдық өсім 14,6%-ды құрады.
Сонымен қатар, тұрғын үйді жалға алу бағасы бір айда 0,6%-ға қымбаттап, 3,4 мың теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19,1%-ға көп.