Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда түрік тауарлары қымбаттайды

Қазақстанда түрік тауарлары қымбаттайды

Қазақстандық тұтынушылар үшін Түркия тауарларының бағасы қымбаттайтын болады, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов орталық коммуникациялар қызментінде өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, бағаның көтерілуі Ресей шекарасында түрік тауарын тиеген қазақстандық жүк тасымалының бұғатталуы болып отыр. «Біз ресейлік серіктестермен осы мәселені реттеу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Өкінішке орай біздің кәсіпкерлер мен жүк тасымалдаушылар шекарада ұзақ уақыт тұрып қалғаны үшін зардап шегуде. Оның үстіне жүк тасымалындағы тауарға байланысты баға да өсті. Осының әсерінен олар жеткізетін тауарларға деген бағаны өсіріп, тұтынушылар қымбат тауар үшін ақша төлеуіне тура келеді», - деді министр. Сондай-ақ, Е.Ыдырысов шет мемлекеттер арасындағы экономикалық шиеленістер бізге де әсер ететінін атап өтті. «Біздің мемлекет пен Еуропалық одақ арасында кедендік шекара жоқ. Бірақ Ресей, Еуропа, Батыс елдеріндегі қарама-қайшы санкциялар, Түркия мен Ресей арасындағы жағдай қалыпты экономика мен саудаға әсерін тигізіп жатыр. Бұны біз дұрыс қабылдауымыз керек", - деді ол. Фото: kaz.tengrinews.kz

Похожие материалы