Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда ұн бағасы бір жылда 45%-ға қымбаттады

Қазақстанда ұн бағасы бір жылда 45%-ға қымбаттады

Астана. 7 қараша. 7kun.kz – Ұнның бөлшек саудадағы бағасы бір жылда 45 пайызға қымбаттады, деп хабарлайдыEnergyprom.kz.

Қазанда ұн бағасы рекордтық 41,3%-ға қымбаттады. Ал өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда баға 44,3%-ға өскен..

Жоғары сортты бидай ұнының бөлшек сауда бағасы 2022 жылдың қазан айында 1 кг үшін 369 теңгені, бірінші сұрыпты ұнның 1 кг үшін  245 теңгені құраған.

Ең жоғары сұрыпты бидай ұнының ең қымбат ккөрсеткіші бір кг үшін Астанада (447 теңге), екінші орында Ақтау (411 теңге) және үшінші орынды Шымкент (406 теңге) иеленді.

Ал ең арзан ұн Ақтөбе, Павлодар, Жезқазған және Семей қалаларында деп көрсетілген зерттеуде.

Сондай-ақ жарма және көкөніс ұнынан және ұсақ ұнтақтау қоспаларынан ұн өндіру 1,5%-ға өсті. Олардың жартысынан астамы Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында өндіріледі.

Похожие материалы