Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда үш жылда 50 әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсаған

Қазақстанда үш жылда 50 әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсаған

Астана. 1 желтоқсан. 7kun.kz – ҚР Бас әскери прокурорының ақпаратына сәйкес, соңғы үш жылда 237 әскери қызметші қайтыс болған. Бұл туралы сенат депутаты Дана Нұржігіт айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

ҚР Бас әскери прокурорының мәліметінше, соңғы үш жылда 237 әскери қызметші қайтыс болған. 2020 жылы – 77, 2021 жылы - 96, 2022 – 64 адам. Олардың 145-і – әскерге келісімшартпен келгендер, 59-ы – офицер, 31-і – солдат. Бұл азаматтардың 89-ы науқастан көз жұмған, 62-сі жол апатынан, 50-і суицидтен, ал 8 адам өзге себептерден қайтыс болған.

«Ең көп, яғни 89 адам ауырып көз жұмған. Бұдан көріп отырғанымыз әскерге шақырылатын жастардың денсаулығы Отан алдындағы борышын өтеуге жарамайды», – деді сенатор.

Депутаттың айтуынша, қазір міндеттелген квотаны толтыру үшін әскер қатарына денсаулығы жоқ бозбалалар да кетіп жатыр. Сенатаор әскерге шақыру комиссиясының алдына келгенше ол баланың бүкіл психо-физикалық портреті, барлық ақпарат арнайы электронды кітапша жасалуы керек екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол әсерилердің жалақысының төмен екенін де айтты.

«2021 жылдан бері «Әскери баспана» бағдарламасы аясында «Отбасы банк» алғашқы жарнаны 5 пайыздан 20 пайызға дейін өсірген. Ал,жалақысы 100 мыңға да жетпейтін жас әскери маман баспананың алғашқы 20 пайызын қалай төлемек?» – деді депутат.

Ол әскери қызметшілердің жағдайын жақсарту жайлы бірқатар ұсыныстар айтып, премьер-министрге депутаттық сауал жолдады.

Похожие материалы