Алматы. 28 қаңтар. 7kun.kz — 2020 жылдың 1 мамырына дейін Қазақстанның зейнетақы жүйесін жаңғырту шаралары әзірленеді. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.
"Әлеуметтік саясат бойынша әлеуметтік саладағы заңнамаға түгендеу жүргізіледі. Осы жылдың 1 шілдесіне дейін еліміздің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленетін болады", - деді министр.
Сонымен қатар, білім беру бойынша педагогтарды даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар және денсаулық сақтауда медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданады.
Өз кезегінде, Дәленов халық игілігі үшін Денсаулық сақтау кодексінің қабылданатынын, оның ашық және кең түрде талқыланатынын атап өтті.