Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жалдамалы пәтер бағасы арзандауда

Қазақстанда жалдамалы пәтер бағасы арзандауда

Астана. 4 қараша. 7kun.kz – Қазақстанда жалдамалы пәтер бағасының төмендеуі жалғасуда. Теріс динамика қазан айының ортасында басталды. Содан бері баға орта есеппен 20%-ға төмендеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Krisha.kz жазуынша, жалдамалы пәтер бағасы қазан айының басымен салыстырғанда қазір біршама өзгерді. Сол кезде шарықтаған бағалар қазәір төмендеуде.

Бағаның ең көп төмендеу Қазақстанның шекаралас қалаларында байқалуда:

  • Петропавлда - 41 %
  • Ақтөбе - 36 %
  • Павлодар мен Оралда - 32 %
  • Астанада пәтерақы 22%, Алматыда 11 %-ға арзандады.

Қазақстан бойынша соңғы бір аптада баға орта есеппен 3,8%-ға түскен. Дегенмен 1 қыркүйекке дейінгі кезеңмен салыстыратынғанда баға әлі де 25 %-ға жоғары.

Похожие материалы