Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың саны артты

Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың саны артты

2021 жылғы 4 тоқсанда жалдамалы жұмысшылар санының 32,1 мың адамға өсуі және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 33,1 мың адамға қысқаруы байқалды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда Қазақстанның еңбек нарығында жұмыссыздар саны қысқарып, белсенді жұмыспен қамтылмағандардың саны артуда. Ал қашықтықтан жұмыспен қамтудың танымалдығы төмендеуде.

Жұмыс күшінің жалпы саны 2021 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанда 1,3 мың адамға қысқарды. Алайда жылдық көрсеткіш бойынша 0,3%-ға (29,9 мың), яғни 9,3 млн адамға дейін өсті. Бұған өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда жұмыспен қамтудың жалпы 0,4%-ға (30,8 мың), яғни 8,8 млн адамға дейін өсуі ықпал етті.

«Егер өткен жылдың басы мен аяғының көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны 14,3 мың және 16,5 мың адамға өскенін айтуға болады», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.

Сондай-ақ, сарапшы 2021 жылдың соңына қарай жұмыссыздар саны қысқарғанын атап өтті.

«Өткен тоқсанмен салыстырғанда жұмысссыздардың азаю бар болғаны 350 адамды құрағанына қарамастан, бір жылдық кезеңде олардың саны 2,6 мың адамға қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі алдыңғы бес тоқсандағыдай 4,9% деңгейінде қалды», – деді Александра Молчановская.

Экономикалық белсенділік жұмыспен қамтылмағандар санының азаюымен де байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыс істемеген немесе жұмыс іздемеген адамдардың саны 13,2 мыңға төмендеп, 4,1 млн адамды құрады.

Жұмыспен қамту мәліметтері бойынша, жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі әдеттегідей қалалық жерлерде тұрады (59%), олардың көпшілігі жалдамалы жұмысшылар. Өз бетінше жұмыспен қамту – ауылдық жерлерде басым (57%). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі Түркістан (83%), Алматы (79%), Жамбыл және Батыс Қазақстан (73%) облыстарында тіркелген.

Похожие материалы