Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді интернет-сайт арқылы саудалаған

Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді интернет-сайт арқылы саудалаған

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz – Алматы прокуратурасы балаларды сату туралы хабарландырулар орналастырылған интернет-сайтты анықтады. Бұл туралы ведомствода хабарлады.

Жаңа туған нәрестелерден құтылғысы келген әйелдер оларды интернет арқылы сатпақ болған. Сондай-ақ, сайтта балалар сатып алғысы келетіндердің көптеген жарнамалары болған.

Прокуратурада мұндай әрекеттерге заңмен тыйым салынғанын баса айтты. Табылған немесе тастанды баланың тууы Ішкі істер органдарының, қамқоршылық органының немесе бала орналастырылған ұйым әкімшілігінің талабы бойынша тіркелуге тиіс. Өтінішті анықталған немесе бас тартылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей беру қажет.

Сонымен қатар, БАҚ туралы заңға сәйкес, ақпараттық ресурстарды қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық үшін пайдалануға болмайды.

Алатау ауданының прокуроры сайтты заңсыз деп тану туралы өтішіпен сотқа жүгінді. Сайт заңсыз деп танылып, оның Қазақстан аумағындағы қызметі тоқтатылды.

Материалдар ҚР ҚК-нің 128-бабында көзделген қылмысты жасау, яғни адам саудасы мәніне тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Похожие материалы