Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы қымбаттады

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы қымбаттады

Алматы. 13 мамыр. 7kun.kz – ҚР-да жаңа тұрғын үй бағасының өсуі жалғасуда. Бір жыл ішінде (2018 жыл сәуір - 2019 жыл сәуір) Нұр-Сұлтанда бірінші нарықтағы тұрғын үйлердің бағасы 5%-ға өсті.

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, Қостанай (+9,3%), Шымкент (+8,1 %) және Орал (+5,6%) көшбасшылар қатарында. Алматы орташа өсісді көрсетті (+2,3 %). Сонымен қатар, Көкшетауда тұрғын үй құрылысы 2,4%-ға төмендеді.

Сәуірде бастапқы жылжымайтын мүліктің орташа бағасы 3,1%-ға өсті және 1 шаршы метр үшін 280,1 мың теңгені құрады.

Бір ай ішінде бағаның өсуі Қостанайда (+2%), Нұр-Сұлтанда(+1,7%), Ақтөбеде (+0,4%), Павлодарда (+0,3%), Алматы мен Шымкентте (+0,2%) байқалды. Бұл ретте орташа республикалық мән +0,7 %-ды құрады.

Алғашқы нарықтағы ең қымбат пәтерлер Нұр-Сұлтанда (1 шаршы метрге 349,4 мың теңге), Алматыда (333,1 мың теңге) және Атырауда (326,3 мың теңге) тіркелді. Ал арзан үйлер — Тараз, Петропавл және Қызылордада орналасқан: 1 шаршы метрге 141 мың теңге шегінде.

Екінші нарыққа келетін болсақ, Krisha.kz сайттың деректері бойынша сәуір айында тұрғын үй нарығында теріс динамика басым болды. Құлдырау Нұр-Сұлтанда (-2 %), Талдықорғанда (-1,5 %), Атырауда (-0,8 %) және Ақтауда (-0,7%) тіркелді.

Бір жыл ішінде жалдау нарығындағы орташа төлем 7,4% - ға өсті. Жалдамалы пәтерлердің ең көп өсімі Шымкентке (+15,1 %), Көкшетауға (+10,4 %) және Павлодарға (+10%) тиесілі.

Айта кетейік, қазіргі таңда тұрғын үйді жалдау ақысы 1 шаршы метр үшін 1 431 теңгені құрайды. Жоғары бағалар Нұр-Сұлтанда (1 шаршы метр үшін 2 784 теңге), Алматыда (2 265) және Ақтауда (2 047), ал төмен - Таразда (1 043), Қызылордада (1 096) және Оралда (1 110) болды.

Похожие материалы