Алматы. 28 қараша. 7kun.kz – Жарнама нарығы 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында компанияларға 146,2 млрд теңге табыс әкелді.
Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% - ға көп. Жарнамалық агенттіктер тоғыз айда 126,3 млрд теңге табыс тапты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,8% - ға артық.
Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерттеу 15 млрд теңге табыс әкелсе (өсім 8,3%), бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама ұсынуда сейлерлер 4,9 млрд теңге пайда көрді. Бұл сала бір жыл ішінде 78,9% - ға өсіп, өсудің басты драйвері болды. .