Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жоғары оқу орнын бітірген түлектер қандай жалақы алады

Қазақстанда жоғары оқу орнын бітірген түлектер қандай жалақы алады

Түлектер арасында ең көп таралған жалақы деңгейі елдегі орташа көрсеткіштен едәуір төмен болды.

Алматы. 25 қаңтар. 7kun.kz – 2021 жылғы қазақстандық түлектердің медиандық жалақысы 155 621 теңге. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде хабарланды.

Салыстырмалы түрде айтқанда 2020 жылы жоғары оқу орындарын бітірген қызметкерлердің орташа жалақысы 114 067 теңгені құрады.

Ең жоғары жалақыны Маңғыстау облысының түлектері алатыны анықталды – 196 769 теңге. Ең төмен жалақы Шымкент қаласының түлектерінде – 124 895 теңге.

Ең жоғары медиандық жалақы мөлшері «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» бағытына тиесілі, ол 221 841 теңгені құрайды. Ең аз жалақыны орта есеппен 126 029 теңгені ауыл шаруашылығы және биоресурстарға қатысты мамандықтардың түлектері алды.

Сондай-ақ 2022 жылы ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 79,5%-ды құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 77,7%-ға, 2020 жылы 71% болған.

Ал ең жоғары жұмысқа орналасу деңгейі «Ветеринария» бағытында болды. Бұл көрсеткіш бағыт бойынша 88% құрады.

«Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Азамат Бейсенбеновтың айтуынша, диплом алғаннан кейін түлектердің 1%-ы бірден жұмыс тапса, 39%-ы бітіргеннен кейінгі алғашқы 3 айда, ал 58%-ы 3 айдан 6 айға дейінгі аралықта жұмыс табады, 2%-ы жұмыс іздеуге 6 айдан астам уақытын жұмсайды.

Похожие материалы