
Алматы. 16 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында 10,1 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, нәтижесінде 14 781 адам зардап шекті, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің сайтында.
2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда апатты жағдай 4,6%-ға өсті.
2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 18,9 млрд теңгеге 48 842 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды.
Сонымен қатар, есепті кезеңде республикада тіркелген жеңіл автомобильдер саны 3,7 млн бірлікті құрады.