Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жол-көлік оқиғасының саны 5%-ға өсті

Қазақстанда жол-көлік оқиғасының саны 5%-ға өсті

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz — Жыл басынан бері Қазақстанда 7 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев мәлімдеді.

"2019 жылдың 6 айында 7 093 ЖКО тіркеліп, 850 адам қаза тауып, 9 425 адам жарақат алды. Өткен жарты жылдықтармен салыстырғанда ЖКО саны 5%-ға - 6 743-тен 7 093-ке дейін, оларда қаза тапқан азаматтардың саны 8%-ға - 784-тен 850-ге дейін және жараланғандардың саны 9%-ға - 8 653-тен 9 425-ке дейін өсті", - деді ол.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр. Жолдардағы бақылау күшейтілді.

"Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 2,8 млн-нан астам жол қозғалысы ережесін бұзушылықты анықтады. Соның ішінде 103,5 мың жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сот 17,6 мың жүргізушіні басқару құқығынан айырды, 1 742 адам әкімшілік қамауға алынды", - деді Әлібек Кеңесбаев.

Похожие материалы