Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жүк контейнерлерінің өндірісі 2022 жылдың желтоқсанында іске қосылады

Қазақстанда жүк контейнерлерінің өндірісі 2022 жылдың желтоқсанында іске қосылады

Қазақстанда 2022 жылдың желтоқсанында отандық зауыттар негізінде жүк контейнерлерін шығаруды іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

"Экспорттық көлемді тасымалдау үшін Исткомтранс, Fesco және ҚТЖ көлік компаниялары жеткілікті контейнерлік парк құру мәселесін қарастыруда. Жаппай өндірісті іске қосу 2022 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Жыл сайын 10 мың контейнерге дейін шығару жоспарлануда", – деді Өскенбаев Үкімет отырысында.

Мәселен, отандық "Қазақстан Инжиниринг", "Мэйкер" Қарағанды құю-машина жасау зауытының, SMP Group (КВК) және FESCO зауыттар негізінде отандық 20 және 40 футтық контейнерлер, сондай-ақ рулонды болат пен кен жүктеріне арналған контейнерлер өндірісін жолға қою бойынша жұмыс жүргізілуде.

Министр бастапқы кезеңде 2 млн тонна жүкті контейнерлеу жоспарланғанын атап өтті.

Өскенбаев өнеркәсіпті дамыту қоры отандық контейнерлерді өндірушілер мен сатып алушылар үшін жеңілдетілген несие беру тетігін іске қосатынын айтты.

Оның айтуынша, отандық өндірісті жолға қою контейнерлердің жеткілікті паркін құруға, сондай-ақ тасымалдарды контейнерлеудің үлесін 30% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Похожие материалы