Алматы. 12 қараша. 7kun.kz – Еліміздің экономикасында 2018 жылғы қазандағы бағалау бойынша 8,7 млн адам жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,6 млн адамды құрады, - деп хабарлайды ҰЭМ Статистика комитеті.
2018 жылғы III тоқсандағы деректер бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 89,7%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 10,3% құрады.
2018 жылғы қарашада жұмыссыздар саны бағалау бойынша 442 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды. Жұмыспен қамту органдарында 2018 жылғы қараша айының соңына 142,3 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,6%-ын құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы III тоқсанда жұмыс күшінің санының 0,3%-ын (23,8 мың адам) құрады.