Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жылдамдықты асыруға қатысты жаңа айыппұлдар енгізілмек

Қазақстанда жылдамдықты асыруға қатысты жаңа айыппұлдар енгізілмек

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Әділет министрлігі жылдамдықты асырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындар үшін жаңа айыппұлдар енгізуді ұсынуда, - деп хабарлайды 7kun.kz.

«Ашық НҚА» сайтында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жарияланды. Онда жылдамдықты арттыру және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері үшін айыппұлдарды өзгерту қарастырылған.

«Бекітілген қозғалыс жылдамдығын сағатына 40-тан 80 шақырымға дейін асыру 20 АЕК (69 000 теңге), сағатына 80 және одан да көп шақырым - 40 АЕК (138 000 теңге) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде жылдамдықты сағатына 80 шақырым және одан да көп қайталап асырғаны үшін – 60 АЕК (207 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады», – делінген құжатта.

Сондай-ақ жобаға 596-бапта жаңа тармақ енгізілді, оған сәйкес көлік құралдарына, жүктерге, жолдарға, жол және өзге де құрылыстарға немесе өзге де мүлікке зақым келтірген, материалдық залал келтірген қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жүргізуші 9 айға дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады. Сондай-ақ, заң жобасының авторлары қарсы жолаққа шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айырудың орнына 30 АЕК (103 500 теңге) көлемінде айыппұл салуды ұсынған.

Похожие материалы