Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жылдық инфляция тағы өсті – Ұлттық банк

Қазақстанда жылдық инфляция тағы өсті – Ұлттық банк

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz – Биыл қаңтар айында Қазақстанда жылдық инфляция 20,7%-ке дейін (желтоқсанда – 20,3%) жеделдеді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Инфляция 19 өңірде жеделдеп, тек бір өңірде – Қарағанды облысында ғана баяулаған. Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында және Маңғыстау мен Ақмола облыстарында тіркелді.

Қаңтарда азық-түлік бағасы жылдық мәнде 25,7%-ке (желтоқсанда – 25,3%) өскен. Тауарлар, әсіресе Маңғыстау облысында (31,5%) қатты қымбаттады. Ең төмен көрсеткіш – Алматы облысында (23,8%).

Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 20,2%-ке дейін (желтоқсанда – 19,4%) жетті. Ең жоғарғы мән Астанада (31,7%), төмен мән Алматы облысында (15,9%) тіркелді.

Өткен айда ақылы қызметтер бағасы 14,2%-ке көтерілді. Бұл ретте Ақмола облысында (18,4%) баға жалпы республикалық деңгейден жоғары, Алматы облысында (11,4%) біршама төмен болды.

«2023 жылғы қаңтарда елде баяулаған айлық инфляцияның өсімі 1,1%-ды құрады. Бұл соңғы бес жылда қаңтар айындағы инфляцияның орташа мәнінен біршама жоғары», – деп хабарлады ҰБ-да.

Похожие материалы