Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанда ет көп өндіріле бастады, алайда сиыр еті бір жылда 8%-ға, ал дәстүрлі жылқы еті бірден 16%-ға қымбаттады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Energyprom.kz сараптамасы бойынша, жас немесе тоңазытылған ет өндірісі 2022 жылғы қаңтар-қазанда 59,1 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1% ұлғайды.
2022 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша сүйекті сиыр еті 8%, сүйекті жылқы еті 16,1% қымбаттады. Сүйекті шошқа еті бағасы бір жылда 13,4%, сүйекті қой еті 12,4% өсті.
Ал жыл басынан бері жылқы еті 15,2%, шошқа еті мен қой еті 12,2%, сиыр еті 8,4% қымбаттады.
Қараша айында едеәуір қымбаттау шошқа етінде: 1,6%-ға, жылқы етінде 1%-ға және сиыр мен қой етіде 0,4% байқалды.
Биылғы қарашаның қорытындысы бойынша сүйекті жылқы етінің бір келісі 2999 теңгеге, сүйекті қой етінің келісі 2673 теңгеге, сүйекті сиыр етінің келісі 2421 теңгеге, сүйекті шошқа етінің келісі 2077 теңгеге жетіп отыр.