Робин Шарма, Энтони Роббинс, Бодо Шефер - бұл есімдер сізге таныс шығар. Олар бизнес саласында өрлеуді, жетістікке жетуді үйрететін жандар. Дәл осындай адамдар біздің елімізде де қалыптасып келе жатыр. 7kun сайты қазақстандық 7 бизнес-тренердің тізімін ұсынады.
Ахметбек Нұрсила – 55 жаста. «Бизнес бастау» мектебінің жетекшісі. «Швабские колбаски» шұжық комбинатының иесі. «Асыл ағаш» (« Heaven House») сауда маркасымен Павлодардағы жиһаз фабрикасы шығынға ұшыраған кезде көтерген кәсіпкер. 2001 жылы Қазақстан Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі болған. «Саржайлау» қымыз шұбат өндірісі компаниясының иесі және бас директоры. Семей –тері тон тігу комбинатының негізін қалаушы. Үржар ет комбинатын банкроттан көтерген. «Пестициды» ЖШС тыңайтқыштар сататын компаниясының акционері. Ресми сайты: www.bisnes-bastau.kz
Ғани Абадан - 30 жаста. Мәскеу авиациялық институтының түлегі. 2011 жылы Abadan Consulting ақыл-кеңес беру компаниясының негізін қалаған. 2012 жылы 4Room жылжымайтын мүлік агенттігін құрса, 2013 жылы ИКЕА(халықаралық жиһаз компаниясы) компаниясының жиһаздарын жеткізіп беретін www.iget.kz-ті құрған. «Ecolite» ЖШС директоры. «Ментор» коуч тренинг орталығының бизнес-тренері. Ресми сайты: www.abadan.kz 2011жылдан бері тренингпен айналысып келеді. Аптасына бір тренинг өтеді. Осы уақытқа дейін оның тренингінде 15 мың адам қатысқан.
Карим Богуспаев – 28 жаста. Novartis, Reebok, Merck сияқты атақты компонияларда тәжірибе жинақтаған. Pennsylvania State University – де бакалавр, Lancaster University – да MBA оқыған. AGG Partners компаниясының директоры. AGG Partners – та директор болмай тұрып, McKinsey - де кеңесші болып жұмыс істеген. 2016 жылдан наурыз айынан бастап Карим коучпен айналыса бастады. Арадағы екі ай ішінде оның коучтеріне 14 шақты адам қатысып үлгерген. Ресми сайты: www.acgpartner.com
Мейірбек Бердібайұлы – 28 жаста. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген. Менеджемент магистратурасын тәмамдаған соң Мейірбек жеке компонияға офис менеджер болып жұмысқа тұрып, қысқа мерзім ішінде директор көмекшісіне дейін өседі. Екі жылдай басшылардан тәжірибе жинақтаған ол жастық шағын текке өткізбей өз ісін бастауды жөн санайды. 2013 жылы «BARRACUDA» бокс клубтар желісін, 2015 жылы «СЛОН» толық ассенизаторлық қызметтер компониясын құрады. 2016 жылы «Жеке Бизнес» кәсіпкерлік мектебін ашып, азаматтарға кәсіпкерліктің сырын үйрете бастайды. Ресми сайты: www.zhekebiznes.kz/million/ Аптасына 2 тренинг өтеді. 2016 жылы тренингтік саламен айналыса бастағанан бастап оның ақылы және тегін сабақтарына 468 адам қатысқан.
Асхат Абжанов - 28 жаста. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген. Мобильдік қосымшалар (телефонға арналған приложение) және сайт жасаумен шұғылданатын WAKE UP technology компаниясының іргетасын қалаушы әрі бас директоры. Әл-Фараби атындағы бизнес-инкубатордың жетекшісі. Орта мектеп оқушыларымен тығыз қарым-қатынастағы «Қазақстанның жаңа буын өкілдері» («Новое поколение Казахстана») көшбасшылық мектебінің негізін құрды. Ресми сайты: www.zhanaurpak.kz Тренингтер жүргізумен айналысқанына төрт жыл болған. Осы уақытқа дейін 6000- нан астам адам өткен.
Асқар Аманбаев – 28 жаста. КИМЭП-ті бітірген соң, іскерлік жолын музыкадан бастайды. Гитара үйрету мектебін ашып, «Шабыт мектебі» жұмысын дөңгелетеді. Кейінірек музыкалық команданың продюсері болып, «Music Show» ивент-агенттігін құрады. «Drive» фитнес және би студиясының негізін қалаған. Ары қарай өздігінен білім алу сапарына жол тартып, тұлға ретінде қалыптаса бастайды. «Хобби және ақша» авторлық семинарын жүргізеді, жеке-дара жетістік жаттықтырушысы болып қызмет етеді. Ресми сайты: www.askcoach.kz Тренингтік саламен айналысқанына 3 жылдан астам уақыт болған. Осы уақыт аралығында оның дәрістерінде 820–дан астам адам қатысқан. Әр апта сайын 1 тренинг өтеді.
Аманжол Рысмендиев - 25 жаста. EST system компаниясының президенті. Мәскеудегі Международная Академия Лидерства оқу орнын бітірген. Шетелден маркетинг, менеджмент, сату саласы мен тұлғалық даму саласы бойынша оқып келген. Бизнес жайлы жазылған «Өрлеу», «Өзіңді оят» кітаптарының авторы. Бизнестің дамуы жайлы 20 әдістеменің авторы. Ресми сайты: www.est1.biz Аманжол бизнес тренингтік саламен 2008 жылдан бері айналысып келеді. Арадағы 8 жыл ішінде оның тренингтеріне 50 мың адам қатысқан.
Қания ТАБЫС "7"