Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы банктердің жалпы активі 23,94 трлн теңгені құрайды

Қазақстандағы банктердің жалпы активі 23,94 трлн теңгені құрайды

Наурыз айының соңында ЕДБ (екінші деңгейлі банктер) активтері 23,94 трлн теңгені құрады, бұл бір ай бұрынғыға қарағанда 1%-ға артық. Актив көлемінің көрсеткіші әртүрлі банктерде +27% бен -40% аралығында ауысып тұрады деп жазады ranking.kz сараптамалық порталы. 

Теңгенің еркін айналымға өтуі банк статистикасына үлкен әсер етті. Доллар курсы өскен жағдайда активтердің теңгелік эквиваленттегі валюталық бөлігі автоматты түрде ұлғайып, доллар курсы төмендегенде азайып отырады. 2015 жылғы тамыз девальвациясы кезінде активтердің жалпы сомасы 10,7%-ға көбейді. Ал 2016 жылдың ақпанында доллар курсы бір айда 4,4%-ға төмендегенде, жалпы көлем де 3,3%-ға қысқарды. Наурызда жағдайдың оң бағытта өзгеруіне доллар курсының бір айда 1,5% төмендеуі әсер еткен. Тиісінше валюталық бөлігі азайды. Алайда жалпы актив көлемі 1% өсім көрсетті. 6fab2532f2351ef3306b34703e8Банктер арасында активтер көлемінің өсуінде үлкен айырмашылық бар. Бір ай ішінде Қазинвестбанк активі 27,3%, Қытай Банкі 26,1% өсім көрсетсе, Al Hilal-да бұл көрсеткіш 40%-ға қысқарған. Ең жақсы көрсеткіш Халық және Сбербанкте: +2,8%. АТФ және Цеснада тиісінше 1,6% және 1,4%. Алғашқы ондықтың өзге қатысушылар минусқа кеткен: Қазком -0,2%, Кaspi - 4,1%. 529ec4b3944826c890b25f54c20

Похожие материалы