Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы базалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін

Қазақстандағы базалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - Қазақстандағы базалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банктың төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

Осыған дейін базалық мөлшерлемені 15% деңгейінде сақталады деп хабарланған еді. Ал өтімділікті ұсыну бойынша операциялардың мөлшерлемесі 16%, өтімділікті алу бойынша операциялардың мөлшерлемесі 14% құрады. Бұл шешімді қабылдаған кезде бірнеше фактор қаралды. Халықтың шетел валютасын сатып алудан гөрі оны сату көлемінің асып кетуі тұрақты түрде сақталып отыр.

Ұлттық банктен түсіндіргендей, базалық мөлшерлеменің төмендеуі қауіптің азаюына, инфляция және қаржылық тұрақтылыққа, сондай-ақ, трендтердің оң бағытта қалыптасуынан байланысты болады.

Ұлттық банктен түсіндіргендей, базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдау кезінде инфляция көлеміне, банк салымшыларының қандай валюта таңдайтындықтарына және валюталық қауіптердің сақтандыру құнына назар аударылады.Енді базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2016 жылы 11 шілдеде жарияланады.

Похожие материалы