Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның транспорт саласындағы ең ірі 7 компаниясы

Қазақстанның транспорт саласындағы ең ірі 7 компаниясы

2014 жылы сауда қарқынының төмендеуі Қазақстанның транспорт саласындағы жүк айналымының бәсеңдеуіне себепші болды. Әсіресе, темір жол және әуетранспорты секторы өзгеріске ұшырап, жүк тасымал көлемі тиісінше, 6%-ға және 20%-ға азайды. 7kun.kz назарларыңызға осы саладағы ең ірі 7 компания тізімін ұсынады.  

Қазақстандағы жүк айналымының 40 пайыздан астамы темір жол үлесіне тиесілі. Сондықтан тізімдегі алғашқы орында ҚТЖ-ның иеленуі заңды. Дегенмен бұл саладағы инфрақұрылым сапасы жақсартуды талап етеді. Транспорт және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, елде пайдаланылатын вагондар мен локомотивтердің 14%-ының жасы 25 жылдан асқан. Ал жолаушылар тасымалымен айналысатын вагондар мен локомотивтерде бұл көрсеткіш 61%-ға тең.

12746543_778532915610388_1078053259_n

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 1997 жылы құрылды. Қазақстандағы ірі жұмыс беруші компаниялардың бірі. Республика бойынша 160 000 астам жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Еліміздің логистика мен көлік жүйесі саласындағы көшбасшы орнында. 2014 жылғы есеп бойынша жолаушылар тасымалы 8,6 пайызға өскен.

ЭйрАстана

Табысы мен тиімділігі жөнінен "Эйр Астана" екінші орында. 2014 жылғы World Airline Awards нұсқасы бойынша «Эйр Астана» компаниясы Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуе компания атағын үшінші жыл қатарынан иеленді. Әуекомпанияның 2015 жылғы таза пайдасы 47,4 миллион  долларды құрады және 2014 жылмен салыстырғанда 144 пайызға көбейген. Соңғы 4 жыл ішінде "Эйр Астана" 21 жаңа әуе көлігін иеленді. Олардың 5-нің орташа жасы 5,5 жыл, осы арқылы компания әлемдегі ең жас әуепарктерінің бірі атанып отыр.

Казавтожол

«ҚазАвтоЖол»ҰК» акционерлік қоғамы- жол-көлік инфрақұрылымын  қамтамасыз және дамытатын жалғыз ғана оператор. 2015 жылы Қазақстанда республикалық маңызы бар 399 шақырым жол салынған және қайта жаңартылған, сонымен қатар 1116 шақырымы жөндеуден өткен.

"Нұрлы жол" бағдарламасының аясында Қазақстанның автожолдар жобасына 2,4 трлн теңге салынады. "Қазавтожолдың" мәліметінше, магистральдарды жөндеу кезінде пайдаланатын материалдардың 90 пайызға жуығы - қазақстандық.

12767477_778509192279427_167761586_n

"Жол жөндеуші" ЖШС - тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа темір жол желілерінің алғашқы құрылысшысы. Компания қызметтеріне негізінен тапсырыс беруші «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.

АлматыаэропортХалықаралық Алматы әуежайы - Қазақстандағы ең үлкен әуежай. 2014 жылы табысын 11 пайызға арттырды. Бірақ таза түсімі 4,95 млрд-қа азайды.

"Ұлт жоспары - 5 институтционалды реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамында" Алматыда жаңа әуежай салыну мүмкіндігі жазылған еді. Ал осы жылы жаңа әуежайдың орнына бұрынғы әуежайды кеңейту мәселесі қарастырылып жатыр. Қалай дегенмен де еліміздегі ең ірі әуежай статусын жоғалтқан жоқ.  Әуежай арқылы Қазақстан бойынша жолаушылардың жартысы және жүктердің 68% өтеді. 2011 жылы әуежай 3,665,538 жолаушыға қызмет көрсеткен.

Кедентранс

"Кедентранссервис" АҚ - Қытайдан әкелінетін жүктерді тиеу бойынша көшбасшы орынды иеленеді. Қазақстан Республикасында 13 жылдан астам уақыт көлік-логистикалық қызметтер нарығында логистикалық терминалдардың жетекші болып табылады.

Скат

"Scat" әуекомпаниясы - Қазақстанның әуе тасымал нарығындағы белсенді ойыншылардың бірі. Тізімнің басында тұрған әріптесімен салыстырғанда компания NB500 рейтингінде 5-орыннан 7-орынға түсті.

Әуе компаниясы 1997 жылы Шымкент қаласында құрылды. "Scat" ұшу қауіпсіздігінің әлемдік стандарттарына сай екендігін дәлелдеп, 2015 жылдың 13 қарашасынан бастап IOSA тізіміне енгізілді. Жыл сайын онға жуық жаңа бығыттар ашылып, жолаушылар саны 40% дейін артуда. 2014 жылы түсімін 20 пайызға яғни 40 млрд теңгеге дейін көбейтті. Компания ұшақтарына қатысты жағымсыз жайттар мен ақпараттық шабуылдарға қарамастан оң нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Дереккөз: National Business

Аян СЕРІКОВ

Похожие материалы