Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы тұтынушылар бағасы 15,2%-ға артты

Қазақстандағы тұтынушылар бағасы 15,2%-ға артты

2016 жылдың ақпан айында Қазақстандағы тұтынушылар бағасы 2015 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 15,2%-ға артты.  Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады. 

Тиісінше, Беларусь елі мен Ресейде бұл көрсеткіш 12,8% және 8,1%-ға ұлғайды. Сонымен қатар, Қырғызстанда баға 1,3%-ға артса, Арменияда 1,7%-ға төмендеді. Осылайша, ЕАЭО-дағы тұтыну тауарлары мен қызметтер құны 8,6%-ға қымбаттады.

Сонымен 2016 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда ақпан айында баға мен тариф өсімі  0,7% болды. Ал Армения мен Беларусьте ақылы қызмет түрлеріне баға қарқынды өскен (3,4% және 22,1%). Қазақстан (25,4%), Қырғызстан(8,4%) және Ресейде (9,5%) азық-түлік емес тауарлардың бағасы жоғарылады.

Похожие материалы