Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы жол жөндеу жұмыстарына қаржы жетіспейді

Қазақстандағы жол жөндеу жұмыстарына қаржы жетіспейді

Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев Қазақстандағы жолдардың жөнделуі мен құрылысына Ұлттық қордан көбірек қаржы бөлуді ұсынды. Бұл туралы ол үкімет отырысы кезінде мәлімдеді. 

Оның мәліметінше, 2016 жылы республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары үшін Ұлттық қордан "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында 41 млрд теңге бөлінген. Алайда, стандарт бойынша қаржы 100 млрд теңге көлемінде болуы қажет.

"Қаржының жетіспеуі жол қызметінің мерзімін 30%-ға қысқартады. Сондықтан қазір өз лимитіміз бойынша жол құрылысы мен жөндеу жұмысына көбірек қаржы бөліну қаржы мәселесін қарастырып, қаржы министрлігіне ұсыныс ретінде жолдаймыз",- деп түсіндірді ведомство басшысы.

Автожол жобаларына 30 компания тартылған, оның 10-ы шетелдік. Министрдің сөзінше, жол-құрылыс жұмыстары 2 мың шақырымды қамтиды. 2016 жылдың соңына дейін барлық елдімекендердегі 900 шақырымды бітіру жоспарланып отыр.

Ол "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасының іске асырылуына қатысты мәлімдеме жасады. Бүгінде Шымкенттен Ресейге дейінгі және "Тараз-Алматы" аймағындағы қозғалыс ашылды.

"Осы жылы Алматы-Қорғас, Шымкент-Ташкент, Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы аймағында жұмыс жүргізіледі. Жыл қорытындысы бойынша, олар толығымен аяқталады", - деп қорытындылады ол.

Похожие материалы