Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы әлеуеті жоғары кен орындары белгілі болды

Қазақстандағы әлеуеті жоғары кен орындары белгілі болды

Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz —  Энергетика министрлігінде Қазақстандағы қандай кен орындары пайдалы қазбаларды іздеу үшін перспективалы екенін мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, елімізде 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау бағдарламасы әзірленіп жатыр.

"11 аз зерттелген шөгінді бассейндердің тізімі анықталды. Тарихи материалдарды жинау, перспективалы учаскелерді және көмірсутек шикізатының әлеуетті ресурстық базасын, сейсмикалық және геологиялық зерттелу дәрежесін, геологиялық-геофизикалық зерттеулердің талап етілетін түрлері мен көлемін анықтау жүргізілді", – деп түсіндірді министрлікте.

Ведомствода 11 аз зерттелген бассейннің ішінде геологиялық ресурстар бойынша және зерттелу дәрежесі бойынша ранжирлеу жүргізілгенін атап өтті. Олардың ішінде бес кен орны одан әрі зерттеу үшін ең перспективалы болып анықталды. Бұл Арал, Сырдария, Шу-Сарысу, Солтүстік-Торғай, Ертіс бассейндері.

Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес болжанатын қаржылық шығындар 355 млрд теңгеден асады. Жыл сайынғы бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінен мемлекеттік бюджетке 40 миллиард теңге, инвестиция тартуға 315,4 миллиард теңге бөлінеді.

Бұл ретте экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің болжамы бойынша, бағдарлама есебінен шөгінді бассейндердің зерттелу деңгейі артады деп күтіліп отыр. Олардың ішінде игерілгендер 30%-дан 80%-ға дейін, аз зерттелген - 10%-ға дейін. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет есебінен осы жұмыс түріне тартылған қызметкерлер саны 1 мыңнан 1,5 мың адамға дейін және келісім-шарт шеңберінде 190 мыңнан 250 мың адамға дейін өседі. Бұдан басқа, алтын, мыс, полиметалдар (50%-ға) және көмірсутек шикізатының (30%-ға) болжамды ресурстары ұлғаяды.

Похожие материалы