Нұр-Сұлтан. 8 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова елдегі банктер QR кодтарының бірыңғай жүйесіне көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, өткен жылы Сауда министрлігі банктер үшін QR кодтарын стандарттау бойынша жұмыс жүргізілген.
«QR бар және кез келген банк бірін-бірі оқуы керек. 10 POS-терминалдың болуы қажет емес, әр терминал үшін кәсіпорындардың төлем жасауының қажеті жоқ. Нарықтың барлық қатысушыларымен жұмыс істей алатын бір терминал болуы керек», – деді ол.
Вице-министр биыл барлық қазақстандық банктер өз жүйелерін пысықтап, әрбір қазақстандық төлемдерді қабылдауға, кез келген QR терминалы арқылы төлеуге мүмкіндік алуы керек екенін атап өтті.