Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың сәуір айында жаңа автокөліктердің сатылымы ағымдағы жылдың наурызымен салыстырғанда 14%-ға артты. Ең танымал автомобильдер Lada, Toyota, Hyundai болды. Бұл туралы Қазақстандық автобизнес қауымдастығы хабарлайды.
Қазақстандық дилерлер 5 522 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техниканы, сондай-ақ 222 жүк көлігін, арнайы техника мен автобустарды сатты.
2019 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша отандық нарық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға, 19 511 автокөлікке дейін өсті.
Алғашқы үштікке барлық сатылымдардың 60%-ы тиесілі: LADA дилерлері 1 323 автокөлікті (өткен аймен салыстырғанда +14%), Toyota – 1 209 автокөлікті (+8%), Hyundai – 1099 бірлік (+28%) сатты.
«Сәуірде сатылымдар екі екі таңбалы өсіммен жүрді, дегенмен мамыр айында біз сатып алу белсенділігінің қосымша көбеюін күтеміз. Жеңілдетілген автокредиттерді күтіп жүргендер үшін жақсы жаңалық - үкімет ҚДБ-нен 10 миллиард теңге көлеміндегі төртінші траншты мақұлдады, оның сегізі отандық өндірістің жеңіл машиналарын сатып алуға арналған, ал қалған екеуі заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін коммерциялық техника лизингіне бөлінген», - дейді ведомствоның вице-президенті Анар Мақашева.
Бұдан басқа, Kia автокөліктері сатылымының өсімі жалғасуда (сәуірде сатылған 395 көлік; +63%). Lexus та сатылымды айтарлықтай ұлғайтты (158 бірлік + 66%), сонымен қатар Nissan 139 бірлік (-27%) нәтижесімен алтыншы орынға шықты. 123 бірлік (-32%) нәтижесімен жетінші орында - Renault автомобильдері. Ең көп сатылатын ондықта Skoda (112 бірлік; +47%), Volkswagen (88 бірлік; +40%) және Chevrolet (66 бірлік; +50%) бар.
Жеңіл модельдер бөлінісінде Toyota Camry көш бастады – 500 бірлік, екінші орында - Lada Granta (394 бірлік), үштікті Lada 4x4 (352 бірлік) қорытындылады. Төртінші сатыда - Hyundai Creta-321 кроссоверлер. Одан әрі тізім бойынша: Hyundai Tucson (271 бірлік), Lada Largus (241 бірлік), Lada Vesta (234 бірлік), Hyundai Accent (226 бірлік), Kia Rio (224 бірлік) және Toyota LC Prado 213 авто.