Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ең танымал мамандықтар қандай?

Қазақстандағы ең танымал мамандықтар қандай?

Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz – Ағымдағы жылдың II тоқсанының соңында елдің жұмыспен қамтылған халқы 1,5%-ға артып, 8,8 млн адамға жетті. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде жұмыспен қамтылған халық саны 8,6 млн адамды құрады, ол 1,1%-ға өсті, - деп жазады Finprom.kz.

15 және одан жоғары жастағы халықты жұмыспен қамту деңгейі — 66,7%. Жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі жалдамалы қызметкерлерге тиесілі, олардың үлесі 76,1%-ды немесе 6,7 млн адамды құрады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі 23,9%-ға немесе 2,1 млн адамға тең.

2019 жылдың II тоқсанының соңында жалдамалы қызметкерлер саны 6,7 млн адамды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға (6,6 млн адам) көп.

Жұмыспен қамтылған халықтың басым бөлігі білім беру саласында өз қызметін жүзеге асырды: 16,1% немесе 1,1 млн адам. Сондай-ақ саланың алғашқы үштігіне өнеркәсіп (15,7% немесе 1 млн адам), көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (10,9% немесе 724,9 мың адам) кірді.

Зерттеуге сәйкес, ең танымал мамандықтардың алғашқы ондығына мектеп мұғалімдері басшылық етті. Анықталғандай, жалпы орта білім беретін оқу орындарында әрбір 20-шы жалдамалы қызметкер жұмыс істейді. Қазақстандық балаларды жалпы алғанда 352,2 мың адам сауат ашуға үйретеді.

Кәсіптердің жаппай рейтингісінде келесі орынға бухгалтерлер ие болды: 268,2 мың адам немесе әрбір 25-ші жалдамалы қызметкер.

Үздік үштікті аяқтағандар — супервайзерлер, дүкендердегі сатушылар және олардың көмекшілері — 256 мың адам.

Жалдамалы жұмысшылардың танымал кәсіптерінің ондығына: автомкөлік, такси және фургон жүргізушілері — 236,6 мың адам; күзетшілер — 219,7 мың адам; кең профильдегі кеңсе қызметкерлері — 139 мың адам; орта медициналық персонал — 128,8 мың адам; мектепке дейінгі тәрбие бойынша тәрбиешілер — 119,2 мың адам; ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, балық өсіру және балық аулау саласындағы біліксіз жұмысшылар — 113,4 мың адам; жүк көлігі жүргізушілері — 105,6 мың адам.

II тоқсанның соңында жұмыссыздар саны 441,8 мың адамды құрады, бес жыл ішінде олардың саны 4,2%-ға төмендеді.

Жұмыссыздардың басым бөлігі Алматы мегаполисіне келеді: 50,3 мың адам немесе ел бойынша жұмыссыздардың жалпы санының 11,4%-ы. Алматы және Түркістан облыстарында 48 мың және 42,1 мың жұмыссыздар болды, олардың үлесі сәйкесінше 10,9% және 9,5%-ды құрады.

15-28 жас аралығындағы жұмыссыздар 81,1 мың адамды құрады, олардың үлесі жұмыссыздардың жалпы санының 18,4%-ын құрайды.

Халықтың жұмыссыздық деңгейі бір жылда 4,9%-дан 4,8%-ға дейін төмендеді, ал 15-28 жастағы жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,9%-дан 3,7%-ға дейін қысқарды.

Похожие материалы