Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 12,5%-ға өсті

Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 12,5%-ға өсті

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz — 2019 жылдың қазан айында ҚР күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 32,2 мың теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4%-ға өсті (28,6 мың теңге). Бұл ретте тауарлар мен қызметтердің бағасы бір жылда 5,5%-ға өсті, деп хабарлады finprom.kz.

Әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі келесідей: 13 жасқа дейінгі балалар үшін — 28,1 мың теңге, 18 жастан асқан ерлер үшін — 37,8 мың теңге, 18 жастан асқан әйелдер үшін — 30 мың теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін - 29,8 мың теңге.

Өңірлік бөліністе жоғары ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы Маңғыстау облысында байқалды: 39,5 мың теңге — орташа республикалық мәннен 22,8%-ға артық.

Сондай-ақ, алғашқы үштікке Нұр-Сұлтан мен Алматы кірді, ең төменгі күнкөріс деңгейі сәйкесінше 37,2 мың және 35,5 мың теңгені құрады. Елордада ең төменгі күнкөріс деңгейі ел бойынша орташа мәннен 15,6%-ға, қаржы орталығында - 10,2%-ға көп.

Осы көрсеткіш бойынша ТОП-5 аймаққа Алматы және Атырау облыстары да енді: тиісінше 32,3 мың және 32,3 мың теңге.

Ең төмен күнкөріс деңгейі Павлодар облысына тиесілі: 28,3 мың теңге — орташа республикалық мәннен 11,9%-ға төмен. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары да аутсайдерлер қатарында: тиісінше 28,9 мың және 29,4 мың теңге.

Күн көрістің ең төменгі деңгейінің құрылымында азық-түлік себеті 17,8 мың теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер - 14,5 мың теңгені құрады, яғни жиынтық соманың стандартты 45%-ы.

Похожие материалы