Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ең үздік 7 онлайн-сауда алаңы

Қазақстандағы ең үздік 7 онлайн-сауда алаңы

Қазақстанда соңғы 3 жыл онлайн-сауда нарығы үшін маңызды болды. Өйткені ең ірі ойыншылар пайда болды. 2018 жыл бойы және биылғы жылдың басында бұл тізім өзгерген жоқ. Алайда тағы 2 банктің онлайн-сату жобасын белсенді дамытуға кіріскеніне қарасақ, жыл соңында бұл тізім өзгеретін сияқты. Қазір ТОП-7-ге кім кіреді?

1. Kaspi.kz

 Санат: Маркетингплейс
Сектор: сауда алаңы
Мобильді платформалар:  iOS, Android
Негізгі офисі және іске қосылған жылы: Алматы, 2014
Қамтитын аумағы: Бүкіл Қазақстан

«Kaspi дүкен» - Kaspi.kz онлайн-платформасының бір бөлігі. «Kaspi дүкенде» түрлі сатушылардың тауар бағасын салыстырып, сатып алушылардың пікірі, тауардың фото, видеосын көріп, қолайлы нұсқаны таңдауға, затты онлайнда бөліп немесе несиеге ресімдеуге, сондай- жеткізуіп беру қызметіне тапсырыс беруге болады. Kaspi.kz 2017, 2018 жылдары «Kaspi Жұма» онлайн сауда шарасын өткізіп, рекордтық сатылым жасады. Биыл маусым айында өтпек. 2018 жылы дүкен Kaspi.kz «Қазпошта»АҚ нұсқасы бойынша Қазнеттің интернет-дүкендері арасында бірінші орынды иеленді.

2. Aviata
Санаты: билет сату
Сектор: Интернет-дүкен
Мобильді бағдарламалар: iOS, Android
Негізгі офисі және іске қосылған жылы:  Алматы, 2013
Қамту аймағы: Қазақстан

Компания әуе және темір жол рейстеріне билет іздеу және брондау қызметі және сату қызметімен айналысады. Aviata-мен бірге жұмыс істейтін авиатасымалдаушылар қатарында Air Astana, «Аэрофлот», Lufthansa, Turkish Airlines, Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан лоукостерлер бар.

Aviata 2018 жылы Chocotravel жобасымен біріккен жоба құрды.

3. Air Astana
Санаты: Жолаушылар тасымалы
Сектор: Интернет-дүкен
Мобильді бағдарламалар: iOS, Android
Негізгі офисі және іске қосылған жылы: Алматы, 2001
Қамту аумағы: бүкіл әлем

«Эйр Астана» АҚ маршруттық желісі Алматы мен Астанадан орындалатын 60-тан астам халықаралық және ішкі рейстерді қамтиды. AirAstana әуе флоты Boeing, Airbus, Embraer ұшақтарымен жабдықталған. Бүгінгі күні авиапаркте 32 ұшақ бар. 2018 жылдың соңына қарай оны 36 лайнерге дейін ұлғайту жоспарланды.

2018 жылымобильді брондау формасындағы жаңа мүмкіндіктері бар мобилді қосымшаны іске қосты. Жақында Fly Arystan еншілес лоукостерін құрып, алғашқы рейске дайындауда. 

4. Chocolife.me
Санаты: билеттерді сату, купонатор, тамақ жеткізу, байланыс линзаларын сату, дәрігерлер іздеу қызметі
Сектор: Интернет-дүкен, сауда алаңы, маркетплейс
Мобильді бағдарламалар: iOS, Android
Негізгі кеңсе және іске қосылған жылы: Алматы, 2010
Қамту аумағы: Бүкіл Қазақстан

Chocofamily — Қазақстандағы ең ірі e-commerce-холдинг. Оның құрамына Chocolife купондық сервисі, Chocotravel әуе және теміржол билеттерін онлайн сату сервисі, Chocofood тамақ жеткізу сервисі, Lensmark байланыс линзаларының интернет-дүкені, дәрігерлерді тегін іздеу сервисі iDoctor.kz кіреді.

2018 жылы Chocotravel мен Aviata әуе және теміржол билеттерін онлайн-сатып алу сервисін біріктіру бойынша мәміле жасалды. Chocotravel және Aviata біріккен компаниясы Қазнет тарихындағы ең ірі компания болды. Сонымен қатар, Chocofamily «Рахмет» мобильді қосымшасын іске қосты. Бұл телефон арқылы мекемелерде шоттарды төлеуге және әрбір төлемнен кешбэк алуға мүмкіндік береді. Жыл соңына қарай жобаға 5000 серіктес қосу, ал 2019 жылдың көктеміне қарай 1 млн пайдаланушы жинау жоспарлануда.

5. Avon Cosmetics Kazakhstan
Санаты: салалық дүкендер
Сектор: Интернет-дүкен
Мобильді бағдарламалар: iOS, Android
Негізгі кеңсе және іске қосылған жыл: Лондон, 1886
Қамту аймағы: Бүкіл Қазақстан

«Avon Cosmetics Kazakhstan» ЖШС Қазақстанда 2003 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істей бастады. Бұл компания Avon Products Inc корпорациясының мүшесі саналады және Avon сауда маркасының өнімдерінің ресми дистрибьюторы. Avon — тікелей сату саласындағы ең табысты косметикалық компаниялардың бірі. Әлемнің 100 еліндегі 6 млн-нан астам өкілден $10 млрд айналым түсірген.

Жыл сайын Avon Қазақстан нарығында өзінің сатып алушыларына 600-ден астам косметика, парфюмерия және бет, дене және шаш күтіміне арналған құралдар мен киімдер ұсынады. Әйелдерге, ерлер мен балаларға арналған тауарлармен компанияның қағаз нұсқасында да, корпоративтік сайтында да, тұрақты жаңартылып отыратын каталогтары арқылы танысуға болады. 2017 жылдың маңызды оқиғасы – пуш-хабарламалардың интеграциясы. 2018 жылы компания Telegram ботын, WhatsApp арқылы тарату және тапсырыс беру үшін арнайы каталогты іске қосты.

6. «Tickets.kz«
Санаты: билет сату
Сектор: Интернет-дүкен
Мобильді бағдарламалар: iOS, Android
Негізгі кеңсе және іске қосылған жылы: Вена, 2009
Қамту аймағы: 30-дан астам ел

Tickets.kz — Еуропаның туристік онлайн-агенттіктерінің бірі Tickets Travel Network холдингінің құрамына кіреді. Холдинг ұсынатын сервистер тізіміне әуе, теміржол және автобус билеттерін, іс-шараларға билеттер, сақтандыру өнімдерін сатып алу, қонақ үйлерді брондау, автомобильдерді жалға алу кіреді. Сервисті халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) аккредиттеді. Холдингтің технологиялық серіктестері әлемдік туризм индустриясының көшбасшылары: Sabre, Amadeus, Travel Port, Sirena, ERV, ұлттық авиакомпаниялар, теміржолдар және халықаралық автобус тасымалдаушылары.

2018 жылы теміржол билеттерін сату бойынша iOS және Android үшін қосымша іске қосылды. 2019 жылы сайттың қазақша нұсқасы пайда болды.

7. Lamoda.kz
Санаты: Киім
Сектор: Интернет-дүкен
Мобильді бағдарламалар: iOS, Android
Негізгі офис және іске қосылған жылы: Мәскеу, 2011
Қамту аймағы: Бүкіл Қазақстан

Компания киімнің, аяқ киімнің, аксессуарлардың, үйге арналған заттардың, бьюти-өнімдердің жетекші қазақстандық онлайн-ретейлері. Олар тұтынушыларға 3000 халықаралық және жергілікті брендтердің 4 млн-нан астам тауарын ұсынады. Интернет-дүкен бүкіл Қазақстан бойынша жеткізу, тапсырысты алу кезінде қолма-қол ақшамен және банктік картамен төлем жасау, онлайн алдын ала төлем жасау, сатып алу немесе ішінара сатып алу алдында өлшеу мүмкіндігін береді.

2018 жылы компания Қазақстан бойынша өзін-өзі тасымалдау пункттерінің желісін дамытып, мобилді қосымшада тауарларды іздеу үшін жасанды интеллект технологиясын пайдалана бастады.

Похожие материалы