Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ең жоғары жалақы қай өңірде

Қазақстандағы ең жоғары жалақы қай өңірде

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz — 2019 жылдың екінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 186,5 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,6%-ға көп. Жалақының нақты өсуі (инфляцияны есепке алғанда сатып алу қабілетінің өсуі) 8,9% құрады, деп хабарлайды Finprom сайтында.

Ең үлкен орташа айлық жалақы Атырау облысында - 325 мың теңге (бір жыл бұрын — 291,3 мың теңге). Одан кейін Маңғыстау облысы (289,6 мың теңге) мен Нұр-сұлтан қаласы (287,7 мың теңге) орналасқан. Орташа айлық жалақы мөлшері бойынша алдыңғы бестікке Алматы мен Батыс Қазақстан облысы кірді - тиісінше 227,4 мың және 181,6 мың теңге.

Бұл ретте тек төрт өңірде ғана орташа айлық жалақы республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары - Атырау, Маңғыстау облыстарында, Нұр-сұлтан мен Алматыда.

Ең аз жалақы Жамбыл (126,5 мың теңге), Түркістан (128,1 мың теңге) және Солтүстік Қазақстан (130,3 мың теңге) облыстарында тіркелген.

Салалық бөліністе ең үлкен жалақыны қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері алады - 458 мың теңге. Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында мұндай жалақы 387,3 мың теңгеге тең. Жоғары ақы төленетін салалардың бестігіне кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 315,1 мың теңге, ақпарат және байланыс - 274,9 мың теңге және құрылыс - 233 мың теңге кірді.

Похожие материалы