Қазақстандағы Президент сайлауы ашық және демократиялық болды – ШЫҰ миссиясы
Алматы. 10 маусым. 7kun.kz – Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы ашық және демокартиялық болды, - деп мәлімдеді ШЫҰ хатшысы Владимир Норов.
«Миссия Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы елдің сайлау заңнамасы талаптарына сай болды. Миссия ұлттық заңнама нормаларының бұзылуын байқамады. Миссия Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауын ашық, анық және демокартиялық тұрғыда өтті деп есептейді», – деді Норов дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз-конференциясында.
Сонымен қатар, Норов үгіт науқаны кезінде президенттікке кандидаттарға тең жағдай жасалғанын атап өтті.
«ҚР Сайлау туралы заңына сәйкес, тіркелген кандидаттарға сайлауалды үгіт жүргізу үшін бұқаралық ақпараттық құралдарына бірдей қолжетімділік шарттары берілді. Миссия сайлау кампаниясы аясындағы шаралар ҚР заңнамасына сәйкес, ашық, азаматтарға кеңінен ақпарат бере отырып жүргізілді, БАҚ-та жан-жақты әрі толық хабарланды деп санайды», - дейді Владимир Норов.
Байқаушы миссияның осы сайлау ашық, демократияшыл әрі сенімді өтті деп мойындайтынын жеткізді. Оның айтуынша, сайлаушылар интернетке, соның ішінде әлеуметтік желілерге еркін кіре алды.
«Миссия мынаны ерекше атап көрсетеді, ОСК кезектен тыс ҚР Президент сайлауы бойынша сайлау кампаниясына қатысты ақпаратты жариялау кезінде заңнаманың сақталуын мұқият бақылап отырды. Миссия жұмыс істеген кезеңде оған БАҚ-тың үгіт кампаниясын хабарлап отыру жұмысына қатысты арыз-шағымдар түскен жоқ. Сайлаушылар өздеріне қолайлы кезде өтінім білдіру мүмкіндігіне ие болуы үшін азаматтардың өтінімдерін қабылдау уақыты барынша ұзартылды», - дейді В. Норов.