Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы қант қоры 3 айға жетеді

Қазақстандағы қант қоры 3 айға жетеді

Тұрақтандыру қорлары мен сауда объектілерінде қант қорлары шоғырланған, олар 3 ай бойы халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін жеткілікті. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Жеткізушілер географиясын кеңейту және тәуекелдерді азайту аясында дайын қант өндіру үшін басқа елдерден шикі қантты сатып алу жұмыстары жүргізілуде: Қазақстанның 2022 жылдың тамыз айының соңына дейін кедендік баж салығын төлемей 250 мың тонна қантты импорттау мүмкіндігі бар.

“Қант бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірқатар шаралар қабылданатын болады, оның ішінде сауда объектілерінің "өңдеу схемасын" қолдануы және тұрақтандыру қорларының интервенциялары бар”, – деп жазылған министрлік хабарламасында. 

2021 жылы Қазақстанда отандық қант өндірісі 276,9 млн тоннаны құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 89%-ға жоғары.

ҚР-да қант пен сірнені тұтынудың шамамен 60%-ын (өнеркәсіптік пайдалануды қоса алғанда) импорттық өнім (шикі қант) құрайды. 2021 жылы Қазақстанға басқа елдерден 506,9 млн тонна қант жәну шикі- қанты  импортталды.

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына 275,8 млн тонна импортталды, бұл бір жыл бұрынғыдан 12,7%-ға аз.  Бразилиядан – 164,6 млн тонна, Белоруссиядан – 35,5 млн тонна, Мексикадан – 30,4 млн жеткізілді.

Похожие материалы